Перейти к содержимому страницы.

СӨЗДІҢ САЛМАҒЫ: МЕДИА, ТІЛ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

07.10.2026

Қазақ тілі апталығы аясында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Асыл Әбішевпен «Сөздің салмағы: медиа, тіл және жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында медиадағы тіл мәдениеті, ақпаратты сауатты әрі дәл жеткізу, журналистің кәсіби жауапкершілігі мен сөздің қоғамға әсері туралы ой қозғалды. Асыл Әбішев өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттермен еркін форматта пікір алмасты.

Студенттер өз ойларын ортаға салып, қызықтырған сұрақтарын қойып, медиа саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.