"САНАЛЫ ҰРПАҚ" СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
21.10.2019
ПМПУ студенттерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мамандарымен кездесу шарасын өткізді. Бұл шара «Саналы ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат – мемлекеттің қауіпсіздігі мен дамуына, өркениетті түрде дамуына тежеу салатын коррупция қылмысына қарсы жастар санасын қалыптастыру. Кездесу шарасына департамент басшысы Тастеміров Айдар Нұрманұлы, жас жазушы Ақжанов Жан Мұхабарұлы келді. ПМПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Александр Свидерский шараға модераторлық етті.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша әр салада сыбайлас жемқорлық әрекеті орын алатындығы жасырын емес. Қонақтар студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қауіпті дерт екендігі жөнінде әңгіме өрбітті.
«Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына қауіп төндіретін ішкі жау»,- деп атап өтті қонақтар. Ол халықтың мемлекетке сенімін жоғалтып қана қоймай, экономикасына зор нұқсан келтіреді. Бүгінде бүкіл әлем елдері осы дертпен күресудің тиімді тәсілдерін ойлап табуда. Біздің Қазақстан қоғамы да бұл қылмысқа қарсы күресте әуелі жастар белсенді болу керектігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық қоғамға қаншалықты қауіпті болса, онымен күресудің жолы да айқын екендігі айтылды. Ол үшін ашық қоғам мен аталған қылмысқа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет.
Кездесу барысында студенттер аталмыш мәселеге қатысты көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, қонақтардан тұшымды жауап алды.
Жанасыл СЕРІКБОЛ