Басқарма төрағасы – ректор
Туған күні: 01.01.1964
Туған жері: Қарағанды облысы; Нұра ауданы; Плаховка ауылы
Отбасылық жағдайы:
- Әйелі: Жилбаева Күлімжан Қайдарқызы
- Балалары: ұлдары – Азат (1986 ж.т.), Асхат (1992 ж.т.); қызы – Динара (1993 ж.т.)
Тілдерді меңгеруі:
- Қазақ, орыс
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі
- Қарағанды педагогикалық институты (1988)
Экономист бухгалтер
- Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Қарағанды біліктілікті арттыру институты (1995)
Заңгер
- Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетінің Қарағанды филиалы. (1999)
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- Педагогика ғылымдарының кандидаты;
- Профессор
Еңбек өтілі:
- Алғашқы әскери дайындық бөлімінің жетекшісі, Қарағанды қаласының №88 орта мектебінің директоры (1988-1993);
- Қарағанды қаласы Ленинский аудандық білім бөлімінің меңгерушісі (1993-1995);
- Қарағанды қалалық білім бөлімінің меңгерушісі (1995-1996);
- Қарағанды облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары (1996-1999);
- Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары (1999);
- Қарағанды қалалық білім бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды қаласының білім бөлімінің бастығы (1999-2010);
- Қарағанды облысы әділет департаменті бастығының орынбасары (2010-2011);
- Тіркеу қызметі және құқықтық көмек комитетінің кадрлар және жеке қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдау және құқықтық насихат департаменті директорының орынбасары (2011-02.2012);
- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (18.02.2012-03.2013);
- «Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының президенті (03.2013-11.2020 ж. дейін).
Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрметті атақтары:
- Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі
Әскери қызметі, шені:
- Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді (1982-1984)