Перейти к содержимому страницы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23.09.2026

23 қыркүйекте Марғұлан университетінде «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында студенттерге арналған құқықтық-ағартушылық кездесу өтті.

Кездесуде бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбы кеңінен талқыланды. Студенттер интернет кеңістігінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер, алаяқтық схемалардан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат алды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және заң талаптарын орындау мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге Павлодар қаласы полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілі Жандарбек Ахметов, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жакия Самаров және университеттің комплаенс-офицері Шерхан Қоқанов қатысты.

Спикерлер заң мен этикалық нормаларды сақтау тек талап емес, әр азаматтың күнделікті өміріндегі жауапкершілігі мен берік ұстанымы болуы керектігін атап өтті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен еркін пікір алмасты.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және академиялық адалдық құндылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.