Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ

15.10.2026

Марғұлан университетінде «XVIII–XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси кеңістігінің трансформациясы: зерттеудің жаңа дереккөздері және заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде. Екі күнге жоспарланған ғылыми басқосуда Қазақстан тарихын зерттеудің жаңа бағыттары, тарихи деректерді талдау және заманауи ғылыми әдістерді қолдану мәселелері қарастырылуда.

Конференция бағдарламасы аясында тарих саласындағы жетекші ғалымдардың қонақ дәрістері өтуде.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Теңлік Тоқтарбекқызы Далаева «Визуальная история Казахстана в фотографиях XIX – начала XX века» тақырыбында дәріс оқуда. Ғалым тарихи фотосуреттердің дереккөз ретіндегі маңызына, олардың белгілі бір кезеңнің қоғамдық өмірі мен мәдениетін зерделеудегі мүмкіндіктеріне назар аударуда.

Сондай-ақ Нархоз университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Сыдығалықызы Ысқақ «Құжат, білім және билік: іс жүргізуді постотаршылдық тұрғыдан түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізуде. Дәрісте құжаттарды тарихи және постотаршылдық тұрғыдан қарастыру, іс жүргізу жүйесінің білім мен билік қатынастарындағы рөлі талқылануда.

Конференция ғалымдар мен зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасуына, ғылыми пікірталас жүргізуіне және Қазақстанның тарихи өткені мен саяси кеңістігін зерттеудің заманауи тәсілдерін талқылауына мүмкіндік береді.