Қоғамдық дәріс
2025 ж. 11 қазанында сағ.13:00-де «Айтылған тарих» ғылыми лабораториясының жетекшісі З. Мырзатаева ҚР БҒМ ИРН AP23487874 «Ресей империясының Солтүстік-Шығыс Қазақстанда ресми саясатын қалыптастыру және іске асыру бағытындағы Сібір комитетінің қызметі: деректерді талдау және контекст» атты жоба аясында тарих мамандығының студент-магистранттарына ғылыми-көпшілік лекция өткізді. Лекцияда ҚРОМА қоры құжаттарының негізімен ХІХ ғ. 20-40 жж. Сарыарқада мемлекеттілік үшін жүрген ұлт-азаттық көтеріліс мәселесі жаңа контексте талдауға алынды. Іс-шара соңында қатысушылар мәселеге қызығушық танытып сұрақтар қойды, пікір білдірді.

