Профориентация Май ауданы
2022 жылғы 25 ақпанда гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдаламасының оқытушы-сарапшысы А.Т. Макишева Май ауданы жалпы білім беретін мектептерінің 11-ші сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мұғалім мамандығының мәртебесі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар оқушыларға оқуға түсу ережелері, университетімізде оқудың артықшылықтары және «Тарих» мамандығының қыр-сырлары туралы ақпарат берілді.