Біз туралы
Баспасөз қызметі Павлодар педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының «Білім және ғылым туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына, университет Жарғысына сәйкес жұмыс істейді.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері:
- Университетте болып жатқан білім беру және тәрбие жұмыстарына уақтылы және объективті шолу жасау, жоғары оқу орны туралы жағымды имидж қалыптастыру.
- Университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында барынша толық және объективті түрде көрсету үшін журналистермен байланыс орнату.
- Журналистерге ақпарат алуға, оның ішінде олардың ауызша және жазбаша сұраныстарына сәйкес университетте фото, аудио және видео түсіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.
- Университет ректоры мен проректорларының мақалаларын, сұхбаттарын, сондай-ақ болып жатқан іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
ППУ Баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде: Facebook-та – @Pspu Pressa, Instagram желісінде – @pmpu.kz парақшаларын және университеттің pspu.kz ресми сайтын жүргізеді. Әлеуметтік желілерде және университеттің сайтында Павлодар педагогикалық университеті өткізетін іс-шаралар, конференциялар және басқа да шаралар туралы өзекті ақпарат орналастырылған.
ППУ Баспасөз қызметі аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста. Серіктестеріміз қатарында республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері, «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» облыстық газеттері, сондай-ақ «24kz», «Ertis», «Ирбис» телеарналары бар.
2018-2020 жылдары «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында ППУ Баспасөз қызметі бірегей жоба – «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғалары» проектісін жүзеге асырды, жоба мақсаты – патриоттық сезімді арттыру, туған өңірден шыққан белгілі тұлғалардың өмірбаяны арқылы кіші Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. ППУ видеостудиясы қазақ және орыс тілдерінде 100 қысқаметражды фильмдер шығарды.
Баспасөз қызметінің жариялайтын материалдарының оқырмандары мен авторлары болыңыз! Өз идеяларыңызды, ақпар-мәліметтеріңізді pgpu-press@mail.ru электрондық поштасына жіберіңіз.