Кітапхана ережесі
Е.БЕКМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОҚЫРМАН БИЛЕТІН АЛУ
Кітапхана ресурстарын пайдалану үшін оқырман абонементте (№ 202 кабинет, бас оқу ғимараты) тіркеліп, билет ала алады. Оқырманды тіркеу студентті оқуға қабылдау туралы бұйрық немесе қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жүзеге асырылады. Өзіңізбен бірге 3x4 фотосурет пен жеке куәлігіңіз болуы қажет.
АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Абонементте үйге кітаптардың берілуімен жүзеге асырылады.
Әдебиеттерге тапсырыс беру кезінде пайдаланушы оқырман билетін ұсынады (1 курс студенттері қыркүйек айының соңына дейін - жеке куәлік бойынша).
Абонементте әдебиет үйге келесі мерзімге беріледі:
* Оқу әдебиеті семестрге немесе оқу жылына белгіленген мерзімде міндетті түрде қайта тіркеумен беріледі; оқу-әдістемелік әдебиет тиісті пәнді оқу мерзіміне беріледі; ғылыми әдебиеттер оқырманнан алдын ала өтінім бойынша 10 күн мерзімге беріледі.
* Кітаптарды беру әр басылымның кітап формулярында оқырманның қолхатымен ресімделеді. Кітапхана қорынан кітаптар мен басқа да материалдарды алған кезде оқырман басылымдарды мұқият қарап шығуға және қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда, бұл туралы кітапханашыға хабарлауға міндетті, олай болмаған жағдайда басылымның бүлінгені үшін соңғы басылымды пайдаланған оқырман жауапты болады.
* Оқу жылының соңында әрбір оқырман барлық оқу және көркем басылымдарды тапсырып, №1, №3, №5 оқу залдарында мөр қойып, содан кейін абонементке мөр басуы тиіс.
ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқу залдарының қорларын пайдалану үшін оқырмандар билетін көрсетуі қажет. Бір данада бар әдебиеттер үйге берілмейді, бірақ пайдаланушы сканерленген көшірмесін немесе ұялы телефонға суретке түсіре алады. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, сирек кездесетін және құнды кітаптар тек оқу залдарында пайдалану үшін беріледі. Егер қажетті әдебиеттер көрсетілмесе, материалдарға http://pspu.kz / ППУ сайты арқылы басты беттегі "электрондық каталог" бөлімінде қол жеткізуге болады.
КІТАПХАНАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану үшін оқырман ЖОО-ның корпоративтік поштасы арқылы тіркеуден өтуі қажет. Электрондық ресурстарға қол жеткізу (жазылу базалары, ашық қол жеткізу базалары және меншікті генерациялаудың электрондық ақпараттық ресурстары) Интернет желісінің көмегімен кез келген электрондық құрылғылардан 24/7 ашық.
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Мерзімді басылымдар залы отандық және шетелдік газеттер мен журналдарға, газеттер мен бюллетеньдерге және т.б. қолжетімділікті ұсынады. Мерзімді басылымдар залын қолдану үшін пайдаланушы кітапханашыға оқырман билетін ұсынуы жеткілікті. Мерзімді басылымдар үйге берілмейді, бірақ пайдаланушы сканерленген көшірмені немесе суреттерді ұялы телефонға түсіре алады.