ППУ ғылыми кітапханасында «Тарих» білім беру бағдарламасы апталығы аясында «Оқитын ұлт» атты іс -шара өткізілді.
ППУ ғылыми кітапханасында «Тарих» білім беру бағдарламасы апталығы аясында «Оқитын ұлт» атты іс -шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқу мәртебесі мен оқу белсенділігін арттыру; студенттердің білімі мен мәдени деңгейін көтеру, рухани-адамгершілік бағдарлау мен тарихи ойлауын қалыптастыру.
Шара аясында биыл «Ашаршылық. 1928-1934 жж.» үш томдық құжаттар жинағы талқыланды. «Тарих» ББ магистранты Аскарова Лаура Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың себептері туралы дәріс оқып, викторина өткізді.
Сондай-ақ студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу және оларды талдау бойынша кеңестер алды.