ППУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ҰСЫНЫСТАР ЖАСАДЫ
14.12.2020
Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық зерттеулер орталығы Павлодар облысы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған Павлодар облысы мұғалімдерінің форсайт-сессиясына қатысты.
ППУ Педагогикалық зерттеулер орталығының жетекшісі Гүлжан Жарасованың айтуынша, білім беру бағдарламаларын оқытуда нақты нәтиже көрсетуге, оның ішінде шағын біліктілік жиынтығына, LLL (Life long learning) концепциясын ескере отырып, диагностика (прокторинг) технологиялары мен бұлтты технологияларды пайдалану, цифрлық және нейрондық желі экономикасын кеңейту мүмкіндігі бар Павлодар облысының академиялық қалашығын құру туралы ұсыныс жасалды.