Перейти к содержимому страницы.

«Павлодар педагогигалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – тәрбие жұмыстары және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды

«Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60 мекенжайында орналасқан «Павлодар педагогигалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – тәрбие жұмыстары және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60 мекенжайында орналасқан «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсыну қажет (каб. 109, 310), телефон: 8 (7182) 65-16-53, 65-16-33.

 

Хабарламаға 1-қосымша