Перейти к содержимому страницы.

ППУ М. Қанапьянов атындағы жоғары колледжінің бөлімше меңгерушісі – 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

Сіз: Оқу сабақтарының кестесін құру үшін материалдарды дайындауды ұйымдастырасыз және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етесіз;

Оқу пәндерін оқыту сапасын қамтамасыз етесіз және бақылайсыз;

Оқытушылардың уақытылы есеп беруді толтыруын, тиісті нормаларға сәйкес құжаттарды жүргізуін қамтамасыз етесіз;

Кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізуге қатысасыз, білім алушылардың контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайсыз.

 

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

Ынтымақтастық және әрекеттестік;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-        жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

-        медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама)

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-        конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-        тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-        жеке куәліктің көшірмесі;

- ППУ-да жұмыс істемейтін, тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

 

          ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-        конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-        тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

 

 

2021 ж. 18 қазаннан бастап 2021 жылғы 01 қарашаға дейін сағат 9.00 бастап 18.00-ге дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 17ºº с. дейін, анықтама үшін тел. 8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («Конкурсқа» деген белгімен)