Перейти к содержимому страницы.

"ППУ" КЕАҚ бос лауазымдарына конкурс жариялайды!

140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60 «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі:

1) «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор;

2)  «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Қызметінің нeгiзгi мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметінің мақсаты ұлттык және жалпыадамзаттьқ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, окыту және білім беру үшін, қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD докторы), басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, білім беру саласында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар: 

1) жасы жиырма беске толмағандар;

2) сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі болғандар;

3) аяқталмаған немесе алынбаған сот ісі барлар;

4) арнайы медициналық ұйымда тіркеуде тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да жағдайлар. 

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3x4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі; 

4) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытындысы);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бip жылдан аспайтын мерзімге берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бip жылдан аспайтын мерзімге берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10 қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсыну қажет (125 каб.), телефоны: 8 (7182) 65-16-33.                      .