Перейти к содержимому страницы.

ППУ ДОКТОРАНТЫ "ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

12.12.2020

"Білім беру саласына қосқан үлесі үшін" Павлодар облысының 35 мұғалімі облыс әкімі Ә.Сқақовтың 2,7 миллион теңге марапатын алды. Олардың ішінде ППУ-дың орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының докторанты, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мария Валова бар.
maria
maria2

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марапаттау критерийлерінің бірі - үміткерлер мен олардың оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері болды.
Валова Мария Валерьевна - Павлодар облысының жетекші филолог мамандарының бірі, педагог-шебер. Көптеген оқу құралдарының авторы, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы, облыстық «Педагогикалық шеберлік» байқауының жеңімпазы. Оның оқушылары республикалық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен облыстық шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері атанған.