ПМПУ-ДА КЕРЕКУ ӨҢІРІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ
20.11.2019
Қазанның 30-шы жұлдызында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы өзінің 30 жылдығын атап өтті. Осыдан отыз жыл бұрын Кереку-Баян жерінде қазақ филологиясы кафедрасының тұсаукесері болды. Форумға қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының іргетасын қалап, дамуына үлес қосқан алғашқы ардагер ұстаздар, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық етіп жүрген түлектер де шақырылды. Іс-шара бір күнге жоспарланды. «Достық үйі» ғимаратының үлкен мәжіліс залында бастауын алған шара түстен кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғимаратында өз жалғасын тапты. Іс-шара презентациямен, фотолармен сүйемелденіп отырды. Кіріспе сөзін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы тізгіндесе, Сағындықұлы Бекен, Айман Файзоллақызы Зейнулина, Салтанат Қалиасқарқызы Шабажанова, Еңлік Өсербайқызы Жұматаева, Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев сынды ғалым-ұстаздар өздерінің лебіздері мен құттықтауларын айтты. Ардагер ұстаздарымызға кафедра атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Ерланова Аяулым,
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы