Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-ҒА 134 МАГИСТРАНТ ТҮСТІ

11.09.2019

         ПМПУ-дың ЖОО-дан кейінгі білім беру факультеті оқу орнының биылғы магистранттарымен кездесу өткізді. Магистратураға үмкіткерлер биылғы жылы алғаш рет жаңа форматта тест тапсырғаны белгілі. Үміткерлер арнайы тестілеуден өтіп, жинаған балдары бойынша республикалық конкурсқа түсті. Грант иегерлері оқу орынын өздері таңдауға құқылы болды.

магистранттар

         Биыл Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне 134 магистрант түскен. Олардың көбі педагогика және психология, шет тілі, қазақ тілі сияқты мамандықтарды таңдаған. Кездесу барысында факультет деканы Меруерт Қайырова жаңа оқу жылымен баршасын құттықтады. ПМПУ-дың халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Александр Свидерский оқу ордасына түскен барша магистранттарды құттықтап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

магистранттар2

Жанасыл СЕРІКБОЛ, Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент