Перейти к содержимому страницы.

Студенттердің пікірлері

1) ҚТӘ-21 тобының студенті Қабдоллаева Айгерім

Павлодар педагогикалық университеті Қазақстан бойынша ең үздік университеттердің бірі. Студенттері білім жағынан болмасын, өнер жағынан болмасын әрдайым алда жүруді көздейді. Олардың қатарында біз де бармыз. Деңгейі көз алдымызда айлап емес, жылдап емес күн сайын қарыштап жатыр.

Біз осы университеттің қазақ тілі және әдебиет мамандығының екінші курс студентіміз. Қазіргі қашықтықтан оқытуға қарамастан университетіміздің интернет желілерінде өз мамандығымызға байланысты түрлі байқаулар ұйымдастырылып, білімімізді шыңдап жатырмыз. Біз болашақ мұғалім ретінде бұл ордадан білімді де білікті тұлға болып шығатынымызға нық сенімдіміз!

2) ҚТӘ-21 тобының студенті Омарова Махаббат

Мен, Павлодар Педагогикалық Университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының екінші курс студентімін.Университетте жан-жақты білім іздейтін студент үшін барлық жағдай жасалынған. Бірнеше кітапханалар, түрлі дамытатын ұйымдар,ағылшын тілін дамытатын “speaking” клубтар студенттердің өмірін жандандыра түсуде.Мен Ақиқат дебат ұйымының мүшесімін. Біздің ұйым Республика көлеміндегі жоғары ұйымдарға кіреді.Мұнда студенттер түрлі тақырыптарға ойындар ойнап,өзінің білімін толтырады. Бұдан бөлек те волонтерлық ұйымдар қаншама.Кафедрамызға келсек, қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері бізге көмек көрсетуге,білмеген  нәрселерімізді үйретуге дайын тұрады.Сабақ өткізу дәрежелері де үнемі жоғары.Осындай университеттен және мұғалімдерден білім алып жатқаныма мақтанамын!

3) Пікір білдіруші: ҚтӘ-31(қ) тобының студенті, Боранбек Жансая Жуванышкызы

Мен Павлодар қаласының Павлодар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығында оқимын. Осы оқу мекемесі туралы өз пікірімді білдіргім келеді. Бастапқыда айтқым келетіні, университетте оқу барысында сіздің тіл деңгейіңіз (ауызша және жазбаша) жоғары деңгейге көтеріледі (егер сіз, әрине, оқысаңыз). Барлығы сіздің қолыңызда. Университеттің мұғалімдерінің студенттерге білім беру деңгейі өте жоғары және сапалы. Оқытушылар студенттердің білімге деген құштарлығын байқап, сол студенттерге жан-тәнімен білім нәрін сіңіріп, сусындатып, білімге деген құштарлығын оятады.

Университет ішінде көптеген іс-шаралар өткізіледі, қаласаңыз, өзіңізге ұнайтын нәрсені тауып, қатыса аласыз. КВН командалары, еріктілер ұйымы, би үйірмесі, белсенді студенттер ұжымы бар.

Университеттің ғимараттары әдемі. Ішінде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тұтастай алғанда ғимараттың іші өте жайлы. Университеттің екі корпусында асханасы бар.

Университеттің инфрақұрылымы. Университетіміз жайлы, жақсы жерде орналасқан. Автобустың аялдамасы, трамвайдың аялдамасы жақын орналасқан, барлық бағытта жүреді. Университеттің қасында «Барыс» сауда үйі, дәріханалар, банк, гүл сататын алаңқай, «Студенческая» кафесі орналасқан. Бәрі жақын, ыңғайлы.

4) Пікір білдіруші: ҚтӘ-31 тобының студенті, Камелбай Дингүл

Мен, Камелбай Дингүл – Павлодар педагогикалық университетінде, гуманитарлық жоғары  ғылымдар мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мамандығында оқимын. Таңдаған мамандығыммен мақтанамын, өйткені бізге беретін ұстаздарымыз өте жоғары деңгейде білім бере алатын, өз ісінің кәсіби шеберлері, шәкіртті талабынан танып, шамын жағып, жұлдызын жарқыратып, шығармашылығын дамытып отырған  біздің кафедраның ұстаздары десем қателеспеймін. Біздің ППУ-ге  түсуге және сонда оқуға кеңес беремін. Себебі, бізде көп деңгейлі түрде мұғалімдерді даярлайтын  кәсіби педагогикалық құрам, оқыту жүйесі жоғары мамандар, жоғары оқу орындарымен серіктестік, әртүрлі өзін-өзі басқару ұйымдары, түрлі спорт секциялары,  студенттік филормания, заманауи жатаханалар бар. Университетте қарқынды жұмыс атқарып өз шеберлігіңді ұштауға, және белсенді демалуға болады. Осындай, ең үздік жоғары оқу орнында ары мен абыройы, білімі мен білігі жұптасқан  болашақ ұстаздар санатына кіру менің асқақ арманым. Осы орайда мен өзімді ең абзал мамандықтың тұтқасын ұстаған бақытты тұлға ретінде өзімді осы университет қабырғасында қалыптастырып келемін.

5) Альмуратова Жадыра ҚТӘ-41

Павлодар педагогикалық университетіне алғаш қадам басып, оқуға түскеніме, міне, биыл 4 жыл толып отыр. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтпақшы –«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім». Содан болар, таңдауым осы жоғары оқу орнына түсті. Павлодар педагогикалық университеті - қазіргі күнгі сапалы білім беруде үздік оқу ордаларының бірі. Жоғары санатты оқытушылар мен түрлі жарыстарда топ жарып жүрген студенттердің ұжымдық жұмысы университеттің Қазақстандағы «ең алғашқы ондыққа» енуінің бірден бір себебі. Университет бес бағыт бойынша мамандар дайындайды: Гуманитарлық, Жаратылыстану, Педагогика, Өнер және спорт, Жоғары орнынан кейінгі білім беру. Жыл сайын университет студенттердің білімі мен білігін арттыру мақсатында басқа мемлекеттерге академиялық бағдарламалар негізінде жіберіп отырады. Монғолия, Қытай, Өзбекстан сынды елдерден келген шетелдік студенттерге жақсы жағдай әрі арнайы гранттар үлестірілуде. Әрі оқудан бөлек, студенттің ішкі әлеуеті мен қызығушылықтарын жетілдіру аясында жастар саясатының қосар үлесі мол. Осы тұста, оқу ордасынан шыққан түлектердің түрлі салада жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындыруы да оқу орнының ықпалы деп санаймын. 60 жылға жуық тарихы бар жоғары оқу орнымның әлі де талай асуларды асып, өз маманының нағыз шеберлерін дайындарына сенімім мол!

6) ҚТӘ-41. Казканова Айдана Ерсиновна

Оқу ордам жайлы пікірім 

            Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман - өмірге қызықтырады, сұрланған айналасын сұлуландырады, ойын алға ғарыштатып, өрге тартады. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» - демекші, мен де бала шақтан, болашаққа нық қадам басып, мектепті аяқтаған соң, арман қуып, Павлодар педагогикалық университетіне, «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығына оқуға түстім. Бұл менің бала кезгі арманым.

Қазіргі таңда осы арманымды мақсатқа айналдырып, талмай еңбектеніп келемін. Бұған әрине, менің оқу ордамдағы ұстаздарым, жетекшілерім, толассыз мүмкіндіктер беріп жатқан оқу орнымның ықпалы зор. Университет қабырғасындағы 4 жыл - түрлі мүмкіндіктер бере отыра, ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы бола білуді санама құйып бергендей. Ал бұл аталғандардың бәріне қол жеткізу үшін университетте талай жылдық тәжірибесі бар ұстаздар мен мамандар, жаңадан жабдықталған компьютерлік аудиториялар, лабораториялар бар. Жалпы алғанда, ізденіп, білім алып, өз ісімнің маманы атану үшін дәл осы Павлодар педагогикалық университетіне келгеніме еш өкінбеймін. Керісінше, үлкен алғысымды білдіремін.

Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.Сондықтан да, егер сіз білім іздесеңіз, біздің жоғарғы оқу орнымызға түскеніңіз абзал. Себебі, біздің «Ұстаздар ордасы» дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келеді,ал ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

7) ҚТОӘ-41 тобының студенті Болатова Әсемгүл

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер болашақта білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын нақты, әрі еркін жеткізе білетін, проблемалық мәселелерді шеше алатын және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу бағытында болып отыр. Осы орайда оқу ордам Павлодар педагогикалық университеті жайлы айтқым келеді. Көп жылдық тарихы бар университет бүгінгі таңда ең беделді оқу ордалардың бірі болып отыр. Осы жылдар бойы көптеген жетістіктерге жетті.  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 5 факультет: Гуманитарлық факультеті, Жаратылыстану факультеті, Педагогикалық факультеті, Өнер және спорт факультеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті бар. Қазіргі таңда  6 колледж мамандықтары, 18 магистратура мамандықтары, 6 докторантура мамандықтары, 6 қосарлы бакалавриат мамандықтары бойынша лицензия алды. Осылайша, университет 62 мамандық бойынша көп деңгейлі оқытуды жүзеге асырады. Білімді, білікті ұстаздарымыз жетерлік. Сапалы білім, тәлім-тәрбие беруде ұстаздарымыздың еңбегі зор деп білемін.  Әр ұстаздың білім беру тәсілдері әр түрлі. Осындай ұстаздарымыздың арқасында мықты әрі білімді маман боламын деп сенімдімін.

8)  Пікір білдіруші: МҚТӘ-11 тобының магистранты Сұраған Ақтоты

Мен – Павлодар педагогикалық университетінің түлегімін. Осы жылы гуманитария факультетінде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуымды аяқтап дипломымды қолға алдым. Берген білімдері, атқарған еңбектері үшін ұстаздарымызға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, диплом жетекшім болған Қуаныш Советұлына алғысым шексіз. Кафера, факультет ұйымы өте жақсы, жан-жақты. Ұстаздарымыз білікті, білім сапасы жоғары. Сондықтан да бакалаврды аяқтай сала сүйікті оқу орныма магистратураға түстім.