Педагогика жоғары мектебі - Декан
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ
педагогика жоғары мектебі деканының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
- Декан – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары (специалитет) білім;
- ғылыми, академиялық дәрежесі: ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магистр (ғылыми-педагогикалық бағыт);
- кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық қызметте немесе білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі;
- оқытатын пәннің бейіні бойынша соңғы 3 жылда және оқыту курсында кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлемінде, инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша курс (тағылымдама) кемінде 72 сағат, 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы;
- халықаралық ортада жұмыс өтілі құпталады.
- сертификатпен расталған мемлекеттік және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, сертификатпен расталған ағылшын тілі болғаны дұрыс.
Сіз:
- жоғары мектептің академиялық, тәрбие және ғылыми жұмысын басқарасыз;
- жоғары мектептің даму стратегиясын айқындайсыз;
- білім беру қызметтері нарығында жоғары мектепті ілгерілетесіз;
- ЖМ-ның Университеттің басқа мектептерімен және құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердің білім беру, ғылыми, зерттеу және басқа да ұйымдарымен ынтымақтастығына ықпал етесіз;
- ЖМ кадр саясатын анықтайды және HR - менеджмент бойынша жұмыс жүргізесіз;
- орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік бағдарлануына, ЖМ білім беру бағдарламалары бойынша оқуға талапкерлерді қабылдауға басшылықты жүзеге асырасыз;
- жоғары мектептің білім беру бағдарламалары басшыларының жұмысын үйлестіресіз;
- білім алушылармен, сыртқы стейкхолдерлермен қатысымдылықты жүзеге асырасыз;
- жоғары мектептің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етесіз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- мінездеме;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
- Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@ppu.edu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2024 ж. 04 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 17 желтоқсанға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)