Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университеті 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жоғары (педагогикалық емес) кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттарды қабылдауды бастайды.

Курстың басталуы 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап, оқу мерзімі 7 ай, 40 кредитті (1200 сағат) игерумен. Бұл бағдарлама талапкерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.

Құжаттар тізімі:

      1) университет басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

      4) 3х4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

      5) міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 075/У нысанындағы медициналық анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы No 907 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда No 6697 тіркелді);

      6) білімі туралы құжаттардың бірі: техникалық және кәсіптік, жоғары білім туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

 

Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады:87182651655, 8718265-16-13 (вн.208, 251)