ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
09.09.2024
“Адалдық сағаты” жалпы республикалық акциясы аясында университет қабырғасында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Медет Амралинов ЖОО студенттерімен кездесті.
Жастармен кездесуде спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі қызметінің негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып, ведомствоның бірінші кезектегі міндеті - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында парасаттылық, адалдық және әділдік, қазіргі қоғам үшін сыбайлас жемқорлық қаншалықты қауіпті және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда не істеу керектігі сияқты моральдық қасиеттер талқыланды.
Сондай-ақ, өңірлік Антикор басшысы студенттерді “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасына кіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрескерлердің бірі болуға шақырды.