Перейти к содержимому страницы.

Пікірлер

Мен, Жуманова (Билялова) Назгуль Кайриденовна, бала кезімнен мұғалім болуды армандадым. Менің арманым сүйікті ППУ колледжінің арқасында жүзеге асты. 2009-2013 жылдары колледжде оқыдым. Менің студенттік өмірім қызықты болды. Барлық оқытушыларға ризашылығымды білдіремін. Әрбір студентке жеке көзқарасыңыз үшін және алған біліміңіз үшін рахмет.

Мен, Косыбаев Нурсултан Каратайулы, 2008-2012 жылдары ППУ колледжінде «Дене шынықтыру» мамандығында оқыдым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастым. Содан кейін ППУ-да мамандығым бойынша оқуымды жалғастырды.Қазір мектепте жұмыс істеймін, өтілім 8 жыл, білімім: жоғары, санатым: педагог-сарапшы. ППУ колледжінде оқығаныма өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта қарым-қатынас орнатқан жақсы достар таптым. Оқыту процесінде колледжде алған білімімді қолданамын. ППУ колледжңнің оқытушыларына ҮЛКЕН РАХМЕТ

Мен, Бакирова Гузаль Насибулловна, мектептен бастап спортқа қызығушылық танытып, баскетболмен айналыстым. 11 сыныпты бітіргеннен кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болғым келеді деп шештім. 2021 жылы мен ППУ Мұсахан қанапиянов атындағы жоғары колледжіне түстім, 2024 жылы қызыл дипломмен бітірдім. Қазіргі таңда мамандығым бойынша балабақшада жұмыс істеймін. Оқытушыларыма қызықты әрі сапалы оқытқандары үшін алғыс айтқым келеді. Ұстаздардың маған берген барлық білімддерін қазір балалармен жұмыс істеуде қолданамын.

Мен, Куруков Дияр Курукович, бала кезінен мұғалім болуды армандадым. Менің арманым сүйікті колледж арқасында жүзеге асты. 2021 жылдан 2024 жылға дейін колледжде оқыдым. Менің студенттік өмірім өте қызықты болды. Осы колледждің барлық мұғалімдеріне әрбір студентке деген көзқарасы және алған білімі үшін алғыс айтамын. Кураторыма оқуға қолдау көрсеткені үшін жеке алғыс айтамын. Барлығына осы мекемені ұсынамын!!!

Мен, Константин Сергеевич Карипжанов, мұғалім болуды армандадым және ППУ үздік колледжіне түсу арқылы арманымды орындап шықтым. Колледжде 2021-2024 жылдары оқуды жақсы аяқтадым. Студенттік өмірім қызықты болды және көптеген қызықты және есте қаларлық сабақтар мен сыныптық сәттер болды, сондай-ақ менің жақсы таныстарым, достарым көп болды. Мен осы колледжге және мұғалімдерге алған білімім үшін өте ризамын, Бұл білім маған алдағы педагогикалық қызметте көмектесетініне сенімдімін.

Мен, Сабина Кайратовна Молдабаева, студенттерге мықты кәсіби база беріп, практикалық дағдыларды дамытқаны үшін өз колледжіне алғысымды білдіремін. Мұнда мен өзімнің сұранысқа ие мамандығымды игердім, жаңа технологиялармен танысып, табысты мансап құруға көмектесетін дағдыларға ие болдым.

Мен, Попов Дамир, 2021 жылдан 2024 жылға дейін ППУ Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінде оқыдым.Осы 3 жыл маған бұрыннан игеріп, дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі болғым келген мамандықты меңгеру үшін көп білім мен дағдыларды бердіСтуденттік өмір қызықты және мазмұнды болды, көптеген қызықты сәттер болды.Барлық мұғалімдерге, кураторға, бөлім меңгерушісіне оқытқаны үшін, бөлінген уақыт пен күш-жігер үшін алғыс айтқым келеді

Мен, Жумабаев Ермек Ерболович, бала кезімнен мұғалім балсам деп армандап едім.Менің арманым колледжмнің арқасында орындалды ППУ. Мен 2021-2024жылдар аралығында осы М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінде оқып , жақсы үлгеріммен бітірдім .Бұл менін ең бір керемет кезеннің бірі болды. Барша ұстаздар қауымына алғысым шексіз

Мен, Артур Васильевич Алфутов, бала кезінен спортты ұнататынмын және мектептен кейін М.Қанапьянов атындағы жоғары колледжге дене шынықтыру мұғаліміне оқуға түсуді шештім, оқуымды осы жылы бітірдім, осы тамаша колледждің барлық педагогтарына үлкен алғысымды білдіргім келеді!

Мен, Байкадамова Диана Ерсаиновна, мұғалім мамандығы өзіме ұнайды. Сол себепті ППУ Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжіне түскен болатынмын. 2021-2024 жылдары аралығында колледжді тәмәмдаған едім. Колледжде өткен студенттік шағым қызықты өтті. Осы колледждің мұғалімдеріне алғысымды айтамын. Мұғалімдердің берген білімдері мен дағдыларын практика жүзінде қолдана аламын.

Мен, Кошеваров Кирил Владимирович, мектептен бастап спортқа қызығушылық танытып, волейболмен және үстел теннисімен шұғылдандым. 11 сыныпты бітіргеннен кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болғым келеді деп шештім. 2021 жылы мен ППУ Қанапиянов атындағы жоғары колледжіне түстім, колледжде спортпен шұғылдандым және өз колледжімді жарыстарда жиі таныттым, 2024 жылы көк дипломмен бітірдім. Қазір ППУ-да оқимын. Олар маған берген білім жүгі тәжірибеде өте көмектесті, Менің оқытушыларыма қызықты әрі сапалы оқығаны үшін алғыс айтқым келеді.

Мен,  Бектурганова Риза Бекмуратовна балалық шағымнан әдебиетке жақын болдым, әдебиетке жақын болғаным соншалық болашақта осы мамандық бойынша білім алғым келді.  Осынау ұлы арманымды «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің» Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғарғы колледжіне түсе отыра, орындаған болатынмын.  Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінде алаңсыз, керемет студенттік шағымды бастан өткіздім.  Бұл колледжді үздік дипломға аяқтап бітірдім.  Арманыма қол жеткізуде септігін тигізген ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін.

Мен, Ковалева Радомира Константиновна, 10 жасымнан бастап жаттықтырушы болып, балаларды оқытуды армандадым. Маған М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж педагогтары көмектесті. 2020 жылдан 2023 жылға дейін осы колледжде оқыдым, оқуды үздік бітірдім. Студенттік өмір түрлі қызықты жарыстарға, байқауларға толы болды. Колледж оқытушыларына тамаша еңбектері үшін, бізге мол білім беріп, өз тәжірибелерімен бөліскендері үшін үлкен рахмет. Әлі күнге дейін бәрін жылы сезіммен еске аламын)

Мен, Мұрат Ақжүніс Бахытбекқызы, 2021-2024 жыл аралығында Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің М.Қанапьянов атындағы жоғары колледжінде “Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі” мамандығын бітірдім. Қазіргі таңда басқа мамандықта білім алудамын. Мамандық бойынша жұмыс істемесемде, колледжде оқу барысында өмірге керекті көптеген пайдалы тәжірибе алдым. Қазір соның арқасында саналы адамның қатарындамын. Әрине осының бәрі колледж әкімшілігі мен білікті педагогикалық мамандардың арқасы. Оларға мың алғыс. Сондықтан жас түлек сағанда осы оқу орынға түсуге кеңес беремін!

Мен, Толеубай Адильжан Бауыржанұлы, 2021-2024 жылдары оқыған ППУ М.Қанапьянов атындағы жоғары колледжіне алғысымды білдіргім келеді.Мен «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша оқыдым.Колледж мені оқуға және білімді басқаларға беруге үйретті, оқытушылар құрамының әдістері мен тәжірибесінің арқасында оның қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Колледж мені тек педагогикалық қызметке ғана емес, өмірге де дайындады.Біздің колледждің арқасында мен Малайзияға, , Сиямэнь университетіне колледждің жақсы үлгеріміне байланысты толық грантқа түстім. Коллдеж ППУ рахмет