Оқытушы-модератор
Оқытушы-модератор
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. Негізгі талаптар
- магистр дәрежесінің болуы.
- Кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілдің болуы.
2. 2. Қосымша талаптар
- ППУ ғылыми журналдарында кемінде 1 мақала немесе шолу, ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында соңғы 5 жылда кемінде 2 мақала немесе шолу (РҒДИ ЖАК, патенттер, авторлық куәліктер БҒССҚК жарияланымдарына теңестіріледі) жарияланымдардың болуы.
3. Ерекшеліктері:
1) Кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілдің болмауы соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында кемінде 2 мақала немесе шолулардың (РҒДИ ЖАК, патенттер, авторлық куәліктер БҒССҚК жарияланымдарына теңестіріледі), ППУ ғылыми басылымдарында кемінде 1 мақала немесе шолу жарияланымдарының болуымен алмастырылады.
Сіз:
- әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды өз бетінше өткізесіз;
– мақсатты тіл практикасы бойынша сабақтарды өз бетінше өткізесіз (көптілді білім бағдарламаларына қатысатын педагогтар үшін);
– курстың мақсаттарына сәйкес тәлімгердің басшылығымен оқу сабақтарының (семинарлық, практикалық, зертханалық) мазмұнын анықтайсыз және нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдайсыз;
– тәлімгердің басшылығымен білім алушылардың өзіндік жұмысын жоспарлайсыз және ұйымдастырасыз;
- педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайсыз;
- білім алушылардың тұлғасына сый көрсетесіз;
- білім алушылармен ара-қатынас кезінде демократиялық мәнерді ұстанасыз;
- гуманистік педагогика идеяларына, жоғары әлеуметтік құндылықтарға пейілділік танытасыз;
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың бірлігінде іске тартасыз;
- Қазақстанның ұлттық басымдықтарын есепке ала отырып, тәрбие процесін құрасыз;
- экстремизмнің, кемсітудің кез келген түріне қарсы тұру қабілетін танытасыз;
– білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдесесіз;
– тәлімгердің басшылығымен оқылатын пәндердің ОӘК әзірлейсіз;
– тәлімгердің басшылығымен білім беру ұйымының миссиясы мен мақсаттарына сәйкес авторлық курстарды әзірлейсіз;
– зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді өз бетінше пайдаланасыз;
– зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке өз бетінше енгізесіз;
– өз бетінше және әріптестерімен өзара әрекеттесе отырып, алынған зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізесіз;
– әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, білім беру практикасын жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында зерттеулерді жүргізесіз;
– әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, арнайы салада, оның ішінде алынған нәтижелерді коммерцияландыру мақсатында зерттеулерді жоспарлайсыз және жүргізесіз;
- жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік серіктестерді оқу-тәрбие процесіне тартасыз;
Мынадай жеке және кәсіби құзыреттіліктерді көрсетесіз:
- кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білімді өз бетінше алуға дайын болу;
- академиялық және кәсіби ортада ғылыми пікірталастарға қатысу, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жариялау қабілеті;
- кәсіби қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік тарту қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік, шешендік шеберлік;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын әзірлеу және қолданудағы белсенділіктің жоғары дәрежесі;
- әр түрлі тілдік құралдарды дәлме-дәл қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы-ректорының атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@pspu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2023 ж. 31 қаңтардан бастап 2023 жылғы 13 ақпанға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)