Перейти к содержимому страницы.

«Асханаға арналған үй-жайларды жалға алу» конкурсын өткізу жөніндегі хабарландыру

«Асханаға арналған үй-жайларды жалға алу» конкурсын өткізу жөніндегі хабарландыру (бұдан әрі – Хабарландыру) «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ қызметкерлері мен студенттеріне тамақтануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тамақтану орнының болуы қажеттілігі) қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден табыс алу мақсатында 28.12.2020 жылғы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Басқармасымен бекітілген «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалға беру (жалдау) қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді

Конкурстың атауы: «Асханаға арналған үй-жайларды жалға алу»

Конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері: Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Конкурс ұйымдастырушысы).

1. Конкурсты өткізу күні, уақыты мен орны

 

Конкурсқа қатысуға арналған әлеуетті жалға алушылардың конкурстық өтінімдерімен қоса алғанда, конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысы Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, 110-кабинет мекенжайында 2023 жылғы «25» қаңтардағы жергілікті уақыт бойынша «15» сағат «00» минутта өткізіледі.

2. Конкурсқа және жобалар таныстырылымына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімі

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жалдаушылар (жалға алушылар) немесе сенімхат негізінде конкурсқа қатысуға өтінім беру жөніндегі мүдделерін білдіретін олардың уәкілетті тұлғалары жергілікті уақытпен 2023 жылғы "25" қаңтардағы "15" сағат "00" минутқа дейін мөрленген конвертте Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, №4 ғимарат, 104-кабинет мекенжайы бойынша ұсынады.

 

3. Орналасқан жері және ауданын қоса алғанда, жалдау объектісі туралы қысқаша сипаттама мен ақпарат

 

Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы 41,25 ш. м., асханаға арналған тұрғын емес үй-жай.

4. Мүліктік жалдауға берілетін нысанға конкурсты өткізу шарттары

және іріктеу критерийлері

            4.1. Комиссия әлеуетті жалдаушылардың өтінімдері бар конверттерді ашуды жүргізеді және белгіленген мерзімде ұсынылған және өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні әлеуетті жалдаушылардың тиісті журналда тіркелген өтінімдерін салыстырады.

            4.2. Хабарландыруда белгіленген мерзімде объектінің әлеуетті жалдаушылары өзінің бизнес-жобасын объектінің техникалық сипаттамасына, ерекшелігіне сәйкес таныстырады. Осыдан кейін комиссия жеңімпазды немесе келесі критерийлер бойынша ең жақсы жобасы бар бірнеше үміткерді анықтайды:

            1) қызметтердің бағасы;

            2) жұмыс тәжірибесі;

            3) жалға алудың ұсынылатын құны;

            4) қала бойынша желінің болуы;

            5) студенттерді жұмысқа орналастыру;

            6) қосымша қызметтер.

4.3. Конкурс жеңімпазы тікелей дауыс беру арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған әлеуетті Жалдаушы (Жалға алушы) жеңімпаз болып саналады. "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ үшін конкурс өткізу туралы хабарландырудың техникалық ерекшелігіне сәйкес немесе одан жоғары талаптарға сәйкес келетін неғұрлым тиімді жалдау шарттары бар әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) өтінімі комиссияның шешімін қабылдауға негіз болып табылады.

4.4. Егер комиссия дауыс саны тең әлеуетті жалдаушылар (жалға алушылар) арасында бірнеше жеңімпазды анықтаған жағдайда, конкурс жеңімпазын комиссия төрағасы немесе оның орнындағы адам айқындайды.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы 2023 жылғы "25" қаңтардағы жергілікті уақыт бойынша "15" сағат "00" минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Павлодар қ., Олжабай батыр к-сі, 60-құрылыс, №4 ғимарат, 104-кабинет.

6. "Әлкей Марғұлан атындағы ППУ» КеАҚ-мен бекітілген мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімі және жалдау ақысының мөлшері

6.1. Мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл.

6.2. Бір айдағы жалдау ақысы есептегіштердің көрсеткіші бойынша қосымша коммуналдық қызметтерді (электр энергиясы, ыстық/суық су шығыны) және ҚҚС ескере отырып, кемінде 69 717 (алпыс тоғыз мың жеті жүз он жеті) теңгені құрайды.

7. Үлгілік шарт

Үлгілік шарттың жобасы (Хабарландыруға 1-қосымша).

8. Техникалық ерекшелік және жалға алудың өзге де шарттары, объектінің мақсатына байланысты болжамды инвестицияларды, объектінің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды және т.б. (мысалы: жұмыс кестесі, өнімнің ең төменгі ассортименті және т. б.) қамтитын бизнес жоба (қажет болған жағдайда). 

Техникалық ерекшелікте көрсетілген (Хабарландыруға 2-қосымша).

9. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

9.1. Әлеуетті жалдаушы (Жалға алушы) конкурсқа қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің алдыңғы жағында көрсетуі тиіс:

1) Әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) толық атауы және пошталық мекенжайы;

2) осы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс конкурсты ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;

3) конкурстың толық атауы, оған қатысу үшін әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) өтінімі ұсынылады.

9.2. Конкурсқа қатысуға өтінім хабарландыруда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс мекенжайы бойынша асханаға арналған үй-жайды жалға алу конкурсына әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) қатысуына келісім білдіру нысаны болып табылады.

9.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қамтуы тиіс:

1) мыналарды қамтитын байланыс деректері: әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) атауы, заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;

2) жалға алу үшін болжамды объектінің атауы, орналасқан жері, ауданы;

3) жалдау мақсаты;

4) жалға алудың жоспарланған мерзімі;

5) әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) фирмалық бланкіде хаттың түпнұсқасын ұсыну жолымен мүліктік жалдаудың (жалға алудың) үлгілік шартының талаптарымен және қағидалармен танысқанын және келісетінін растау;

6) тұрғын емес үй-жайды жалға берудің бекітілген құнынан және объектіні пайдаланғаны үшін төлемақыдан төмен болмайтын ұсынылатын жалдау ақысын;

7) Әлеуетті жалдаушы (Жалға алушы) объектінің шеңберінде көрсететін ілеспе қызметтердің түрлері;

8) болжамды инвестицияларды, бизнес-жобаны, объектінің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды қамтитын техникалық ерекшелік пен басқа да ұсыныстарды және т. б;

9) өтінімге мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе электрондық құжаттың қағаз көшірмелері (конкурс жарияланғанға дейін 10 күннен ерте берілмеген) қоса беріледі:

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеті туралы анықтама, жарғы, лицензия/рұқсат және/немесе техникалық ерекшелік талаптарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын басқа құжат;

жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (талон), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, мекенжай анықтамасы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірменің нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;

9.4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді Әлеуетті жалдаушы (Жалға алушы) жазбаша түрде береді, оған бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қояды және хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрмен (ол болған кезде) бекітілген мөрленген конвертте ұсынылады.

10. Жалға берушінің (жалға алушының) жауапты тұлғасының

байланыс деректері

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, №4 ғимарат, 104-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7182) 65-16-76, 8 (7182) 55-27-83.

11. Басқа ақпарат

            Комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ-ның www.ppu.edu.kz. интернет-ресурсында конкурс өткізу қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады

 

12. Конкурстық құжаттамаға қосымша:

1. "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға (жалға беру) қағидалары;

2. Асханаға арналған үй-жайды жалдау шартының жобасы (1-қосымша);

3. Техникалық ерекшелік (2-қосымша);

4. Конкурстық құжаттама.