Перейти к содержимому страницы.

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Білім беру бағдарламалары

Орыс тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

Тарих

Шетел тілі: екі шетел тілі

 

ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Білім беру бағдарламалары:

Арнайы педагогика

•    Оқытушы-зерттеуші – 1 бірлік;

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикасы

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Білім беру бағдарламалары:

Математика

Физика

Биология

География

Химия

 

Информатика

 

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Білім беру бағдарламалары:

Музыкалық білім

Дене шынықтыру және спорт,

Дене шынықтыру және wellness-білім беру,

Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

 Білім беру бағдарламасының жетекшісі

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;

ғылыми атағының болуы құпталады;

кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық қызметте немесе білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі;

ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы сертификатының (куәлігінің) болуы.

 

Сіз: Білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, аккредиттеу қызметін ұйымдастырасыз, бітірушілердің кәсіптік даярлығы мен сапасын қамтамасыз етесіз және бақылауға аласыз.

ОПҚ және білім алушылардың академиялық, әдістемелік жұмысын жоспарлайсыз, ұйымдастырасыз және іске асырасыз.

Еңбек нарығында бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру бағдарламасы бойынша мамандарға сұранысты зерттейсіз.

Бағдарламаның тартымды бейнесін құруға және оны білім беру қызметтері нарығында ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырасыз.

Кадрлық қамтамасыз етуді және бағдарламаны іске асырудың шарттарын анықтайсыз.

 

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

жауапкершілік;

өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;

әлеуметтік бейімділік;

ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

көшбасшылық;

парасаттылық;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

бастамашылдық;

қатынасымдылық;

ұйымдастырушылық қабілеттері;

өзін-өзі бақылау;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-      өтініш;

-      кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-      өмірбаян;

-      жеке куәліктің көшірмесі;

-      жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-      қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;

-      ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

-      соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);

-      құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан аспайтын).

         ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

-      ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);

-      Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан аспайтын)

 

Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@pspu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

 

2023 ж. 11 тамыздан бастап 2023 жылғы 24 тамызға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)