2023-2024 оқу жылына арналған Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жарияланады.
Үміткерлер мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:
- тек күндізгі оқу нысанында оқыту;
- басқа қаржыландыру көзінен білім беру гранттарының болмауы (республикалық бюджет; жергілікті атқарушы органдардың бюджеті; тапсырыс беруші – кәсіпорындар немесе басқа заңды тұлғалардың қаражаты);
- «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған жеке тұлғалар.
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-дың гранты спорт, ғылым және мәдениет саласындағы республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда, фестивальдерде немесе байқауларда жоғары жетістіктерге жеткен, сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттерге беріледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер 2023 жылғы 12 қыркүйекке дейін студенттерге қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттарды тапсырады:
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ басқарма төрағасы-ректорының атына өтініш;
- транскрипт;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- үміткердің жетістіктерін, табыстарын растайтын құжаттардың көшірмелері (кандидаттың немесе спорт шеберінің куәлігі, дипломдар, грамоталар, куәліктер және т.б. бар болса; көшірмелерімен бірге салыстыруға және ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін түпнұсқалар ұсынылады).