Өнер және спорт жоғары мектебінің деканы
Біліктілік талаптары:
жоғары(жоғары оқу орнынан кейінгі)білім,
ғылым дәрежесінің болуы;
жұмыс тәжірибесі білім беру мекемесінде жетекшілік лауазымында немесе ғылым-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес;
ғылым-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаты (куәлігі) болуы;
халықаралық ортада жұмыс тәжірибесі болса жақсы.
Сіз:
Академиялық, тәрбиелік және жоғары мектептің ғылыми жұмысына жетекшілік етесіз.
Жоғары мектепті дамыту стратегиясын анықтайсыз.
Жоғары мектептің білім беру қызметтерін нарықта алға жылжытасыз.
Мектептің Қазақстанның, таяу және алыс шет елдердің білім беру, ғылыми, зерттеу және өзге ұйымдары арасындағы ынтымақтастығын жүзеге асырасыз.
Жоғары мектептің кадр саясатын анықтайсыз.
Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары жетекшілерінің жұмысын үйлестіресіз.
Жоғары мектептің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етесіз.
Қосымша ақпараттар
Кәсіби құзыреті:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылары;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
өзін-өзі дамыту;
тәртіптілік;
жауапкершілік;
командада жұмыс істей білу.
Жеке басының құзыреті және сапа:
ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;
парасаттылық;
көшбасшылық;
бастамашылдық;
сабырлылық.
Қазақ және орыс тілдері, мүмкіндігінше ағылшын тілін меңгерген, жазбаша және ауызша меңгеру дағдылары бар.
Қажетті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ПК (OS, Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т. б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгеру жоғары деңгейлі дағдысы бар.
Қажетті құжаттар тізбесі:
- өтініш;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы құжат, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 04 қарашада № 21579 болып тіркелген);
- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы ұйымда есепте тұрмауы туралы анықтама;
- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте болуы не болмауы туралы анықтама;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- жоғары мектепті Дамыту бағдарламасының презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан артық емес).
Басқа қалалардан келген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды университеттің pspu2017@gmail.com электрондық мекен-жайына қабылдаудың белгіленген мерзімінде жібере алады.
Бұл жағдайда, үміткер құжаттар түпнұсқасының тиісті толық тізбесін комиссия хатшысына әңгімелесуге кемінде екі сағат бұрын ұсынуы қажет. Құжаттарды толық тізіммен тапсырмаса әңгімелесуге қатыса алмайды.
Құжаттар 2020 жылғы 23 желтоқсан мен 2021 жылғы 05 қаңтар аралығында сағат 09:00-дан 17:00-ға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, сағат 9.00-17.00-ге дейін, анықтама телефоны: 8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («конкурсқа» белгісімен)