«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Оқытушы
ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Білім беру бағдарламасы:
Дене шынықтыру және спорт,
Дене шынықтыру және wellness-білім беру,
Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру
- Оқытушы – 1 бірлік.
Оқытушы
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. Негізгі талаптар
- магистр дәрежесінің болуы немесе маман біліктілігінің болуы.
2. Қосымша талаптар
- ППУ ғылыми журналдарында кемінде 1 мақала немесе шолу, ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында кемінде 1 мақала немесе шолу (патенттер, авторлық куәліктер, БҒССҚК жарияланымдарына теңестіріледі) соңғы 5 жылда жарияланымдарының болуы.
Сіз:
- әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды өз бетінше өткізесіз;
- курстың мақсаттарына сәйкес тәлімгердің басшылығымен оқу сабақтарының (семинарлық, практикалық, зертханалық) мазмұнын анықтау және нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдайсыз;
- тәлімгердің басшылығымен білім алушылардың өзіндік жұмысын жоспарлайсыз және ұйымдастырасыз;
- педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп тәртіптерін сақтайсыз;
- білім алушылардың тұлғасына сый көрсетесіз;
- білім алушылармен ара-қатынас кезінде демократиялық мәнерді ұстанасыз;
- гуманистік педагогика идеяларына, жоғары әлеуметтік құндылықтарға пейілділік танытасыз;
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың бірлігінде іске тартасыз;
- Қазақстанның ұлттық басымдықтарын есепке ала отырып тәрбие процесін құрасыз;
- экстремизмнің, кемсітудің кез келген түріне қарсы тұру қабілетін танытасыз;
- білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдесесіз;
- зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді өз бетінше пайдаланасыз;
- өз бетінше және әріптестерімен өзара әрекеттесе отырып, алынған зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізесіз;
- әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, білім беру практикасын жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында зерттеулерді жүргізесіз;
Мынадай жеке және кәсіби құзыреттіліктерді көрсетесіз:
- кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білімді өз бетінше алуға дайын болу;
- академиялық және кәсіби ортада ғылыми пікірталастарға қатысу, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жариялау қабілеті;
- кәсіби қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік тарту қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік, шешендік шеберлік;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын әзірлеу және қолданудағы белсенділіктің жоғары дәрежесі;
- әр түрлі тілдік құралдарды дәлме-дәл қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеті;
- мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- қатысымгерлік, төзімділік.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- ғылыми жұмыстар және өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@pspu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2024 ж. 20 ақпаннан бастап 2024 жылғы 04 наурызға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. 8 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)