Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың толықтыру бөлімінің бастығы
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық
университеті» КеАҚ конкурс жариялайды:
- Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың толықтыру бөлімінің бастығы – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары кітапхана немесе педагогикалық білім, кітапхана жұмысының өтілі кемінде 3 жыл немесе арнаулы орта кітапхана білімі және осы қызмет саласындағы өтілі кемінде 7 жыл.
Сіз: кітапхана қорын толықтыру жоспарын әзірлейсіз және іске асырасыз. Жинақтаудың басым бағыттарын анықтау үшін пайдаланушылардың қажеттіліктеріне талдау жасайсыз және ЖОО бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайсыз. Әдебиеттерді таңдайсыз, сатып алуға тапсырыс жасайсыз. Өнім берушілермен жұмыс істейсіз – шарттар жасасасыз, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайсыз. Есеп құжаттамасын жүргізесіз, құжаттарды жүйелейсіз.
Қосымша ақпарат
Жауапкершілік пен адалдықтың жоғары деңгейі, өз бетінше шешім қабылдауға және олар үшін жауапкершілікке дайын болу, кәсіби этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлық әсеріне төзімділік (сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау), командада жұмыс істей білу, стресске төзімділік.
Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Құжаттарды қабылдау 2024 ж. 04 желтоқсаннан бастап 2024 ж. 18 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33.