Перейти к содержимому страницы.

М. Қанапиянов атындағы жоғары колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына арналған конкурс

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) өзге де жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім;

- білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

- ҚР Білім туралы Заңы.

Міндеттері:

- колледжде тәрбие процесін ұйымдастыру;

- кураторларға әдістемелік жетекшілік;

- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру;

- тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті әдістемелік құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

- тәрбие жұмысына талдау жүргізеді;

- тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

- дене тәрбиесі, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыс процесін дамытуды үйлестіру, білім алушыларды салауатты өмір салты нормаларына баулу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруды қамтамасыз етеді;

- жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді;

- тәрбие процесінде қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз ету.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 29 қазаннан бастап 2025 ж. 07 қарашаға дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).