Жұмысқа орналастыру
"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" ББ практика және жұмысқа орналастыру бөлімімен бірлесіп көптеген жылдар бойы өз түлектерін жұмысқа орналастырумен айналысып келеді.
Осы бағыт шеңберінде 2022 жылғы 20 сәуірде Павлодар қаласы білім басқармаларының өкілдерімен жеке кездесулер өткізілді. Кездесу барысында студенттер болашақ жұмыс орындары туралы сұрақтар қойып, тиісті жауаптарды алды. Түлектерге әр аудандағы бастауыш сынып мұғалімдерінің бос жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, түлектер 2022 жылғы әртүрлі бонустар мен жұмысқа қабылдаудағы өзгерістерді қамтитын қосымша ақпараттарды алды.
Бұл кездесулердің қорытындысы біздің университет үшін жыл сайын өткізілетін дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі болды. Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, Жоғары педагогика мектебінің деканы, Павлодар жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, Павлодар облысының білім басқармаларының өкілдері, Павлодар облысының аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жәрмеңке соңында студенттер жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарын қарастырды. Бітіруші курс студенттерін бөлу кезінде оқу нәтижелері, сондай-ақ болашақ мамандардың тілектері және жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс шарттары ескерілді.
Түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары оқу орны мен "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ББ жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біздің білім беру бағдарламамыз түлектерді жұмысқа орналастыруға үлкен мән береді, бұған жұмысқа орналастырылған түлектердің жоғары пайызы, 90%-дан астамы дәлел бола алады.
Орташа алғанда, 5 жылдағы жұмысқа орналасу пайызын келесі кестеден көруге болады:
Год выпуска |
Кол-во выпускников |
Кол-во трудоустроенных |
% трудоустроенных |
Средний % |
2018-2019 |
19 |
17 |
89% |
93% |
2019-2020 |
17 |
17 |
100% |
|
2020-2021 |
22 |
21 |
95% |
|
2021-2022 |
9 |
9 |
100% |
|
2022-2023 |
31 |
25 |
80,6% |