MU ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
17.02.2026
Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беру мектебінде Жоғары оқу орындары мен техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының «Білім жәрмеңкесі» өтті.
Жиынға өңірлік ЖОО мен колледж өкілдері қатысып, оқу бағдарламаларын ұсынды. Бұл шараға №19, №14, №29, №36 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
Сонымен қатар жәрмеңкеге Марғұлан университетінің М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің бастауыш сынып оқыту, орыс және қазақ тілі, физика-математика білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Одан бөлек, Марғұлан университетінің «Муза хореография» үйірмесі мектеп оқушыларымен интерактив ұйымдастырып, көңілдерін көтеріп, қызыққа толы студенттік өмірдің қыр-сырын көрсетті.
