МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ
26.12.2024
26 желтоқсанда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде диссертациялық кеңестің отырысында Гүлжан Қайратқызы Қабдолова Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы - "Ертіс өзенінің өңірлік биоресурстарын зерттеу нәтижелерін болашақ биология мұғалімдерін даярлауда пайдалану". Отырыс қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету" комитетінің алдына Гүлжан Қабдолованың өтінішін мақұлдау жөнінде шешім қабылдады. Өтініш "8D01550 – Биология"мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы.
Гүлжан Қайратқызын докторлық диссертацияны сәтті қорғаумен құттықтаймыз және ғылыми-педагогикалық қызметте одан әрі табыс тілейміз!