Перейти к содержимому страницы.

MU-ДІҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨКІЛІ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

18.09.2026

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Павлодар қаласының Усольский шағын ауданында қалалық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына Марғұлан университетінің ұжымы, оқытушылары мен студенттерінен құралған 100-ге жуық өкіл қатысты.

Сенбілік барысында университет ұжымы аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар қатысушыларға палау ұсынылып, ауызсу таратылды.

Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов пен «Әділет» партиясының өкілдері де қатысты.

Қалалық сенбілік «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.