МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНА АРНАЛҒАН АЙТЫС ӨТТІ
28.02.2025
Бізде қолына домбыра алса көмейінен жыр төгілетін айтыс ақындары да бар. Бүгін солардың арасында тамаша бір жыр аламаны болды.
«MUTEAM» жобасы аясында көрнекті Алаш қайраткері, ақын, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған айтыс өтті. Айтысқа бұған дейін талай додаларда топ жарып жүрген жас айтыскерлер — Марғұлан Жанбау, Нұрбек Бәкір, Бексұлтан Қайдаров, Рамазан Дәуренбекұлы, Мағзұм Имантай, Бейбарыс Рафаилов қатысты. Бұл айтыскерлер арасындағы жолдастық кездесу болғандықтан жеңімпаз анықталған жоқ. Дегенмен, шабытты жастар тамаша өнер көрсетіп, университет оқытушылары мен студенттерін жыр бұлағымен сусындата білді.
