Перейти к содержимому страницы.

Министрліктің алғыс хатымен марапатталды

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарих толқынындағы тұлғалар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік офлайн-онлайн конференциясы өткізілді.

Аталған конференция тарихи маңызы бар оқиға болды. Ол тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың туғанына 115 жыл толуына арналған. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталмыш шара еліміздің ұлттық тарихын тереңірек зерделеп, тарихи тұлғалардың рөлін айшықтап, обьективті баға беріп, қазіргі және келешек ұрпаққа насихаттауға мүмкіндік береді.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, халық қалаулылары, министрлік өкілдері қатысты. Конференция барысында Ақжан әл-Машаниге арналған бейнеролик және «Ғұлама ғалым Ақжан әл-Машани мұралары», «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» тақырыптарында көрме ұсынылды.

Университетіміздің атынан шараға Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Г.Е. Өтепова қатысты. Баяндама жасап, қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару көмитеті Төрағасы атынан алғыс хатпен марапатталды.