Перейти к содержимому страницы.

Менің туған өлкем

2021 жылдың 22 қазанында Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е. Каримова және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Е. Күзембаев Ертіс музейінде өткен "Менің туған өлкем" облыстық өлкетанушылар Форумына қатысты. Н.Е. Күзембаев "Павлодар Ертіс өңіріндегі Қимақ қағанатының мемлекеттік құрылымы және әлеуметтік саяси ұйымы"тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы қимақтардың мемлекеттілік сабақтастығының ежелгі түркі мемлекеттілігімен байланысын атап өтті. Іс-шарада Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры А.Е. Алиакпаров, белгілі өлкетанушылар Э.Д. Соколкин, М.Х. Багжиков, А.Ж. Курманов, А.А. Вервекин сөз сөйледі.