«Менің Қазақстаным» тарихи викторинасы
2021 жылдың 19 қазанында Павлодар педагогикалық университетінде тарих апталығы аясында «Менің Қазақстаным» тарихи викторинасы өткізілді.
Викторина Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Тарих» білім беру бағдарламасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Аймекен Мерекеқызы Сыздықованың кіріспе сөзімен ашылды.
Аймекен Мерекеқызы мұндай іс-шараларды өткізудің маңызды екенін, оның студенттер үшін ойын-сауық қана емес, сонымен қатар оқытуды ұйымдастырудың бір түрі болып табылатынын, оны тереңдетіп, толықтыратынын және сол арқылы оқушылардың білім деңгейін арттырып, олардың дамуына және көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты:
- студенттерді қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу;
- өз Отаны, қазақстандықтардың тарихы мен жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын құрметтеуге баулу;
- өз Отанының, өз халқының тарихына, оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне, мәдениетіне танымдық қызығушылықты дамыту;
- Қазақстан тарихы бойынша білімді бекіту.
Викторина интеллектуалды ойын форматында өткізілді, оның барысында студенттер еліміздің тарихы, географиясы және мәдениеті туралы білімдерін көрсетті.
Іс-шараны Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Тарих» білім беру бағдарламасының сарапшысы Гүлнар Масенқызы Тохметова қорытындылады – нәтижелерді жариялап, жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.