Перейти к содержимому страницы.

«Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас»

      «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бауыржан Абдрахманов 2022 жылы 3 наурызда Петропавл қаласында ҚР Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында өткен тарих пәні мұғалімдерінің республикалық сьезіне қатысты.

       Сьезге республикамыздың әр облыстарынан ұстаздар қауымы жиналды. Мектепте тарихты оқыту мәселелері, оқулықтың дұрыс жазылуы, білім алушылардың тарихқа қызығушылықтарын арттыру, басқа да көптеген маңызды мәселелер көтеріліп, талқыланды. Оқушыларды экспедицияларға қатыстыру, мектепте тарих сабақтарының санын көбейтуге қатысты ұсыныстар айтылды.

       Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=GvY0taUpFjQ&t=19s

 

         @aygul_sadykova_pvl