«Мектепке жол» Акциясы
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді!
Іс-шара аясында биыл балалары 1 – сыныпқа баратын университет 15 қызметкерлеріне кәсіподақ тарапынан қаржылай көмек көрсетілді. Бұл – жаңа оқу жылы қарсаңындағы шағын болса да маңызды қолдау, өйткені баланы мектепке дайындау – жауапты іс!
Ата-аналар шын жүректен алғыстарын білдіріп, ал болашақ бірінші сынып оқушылары жаңа өмір кезеңіне қадам басар алдындағы қуаныштарын және толқуларын жасырмады.
Кәсіподақ әрдайым қасымызда – ұйым мүшелері мен олардың отбасыларына қамқорлық танытады!



