Жетістіктер
ОП БИОЛОГИЯ
6В01550 - Биология БББ бойынша білім алушылар командасы Базарбаева Дильназ және Губайдуллина Александра құрамында Биология мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша Республикалық олимпиадада 2 орын алды (Шымкент қ., 18-19 сәуір 2024).
Б.ғ.д., профессор Жұмабекова Б.Қ. (жетекшісі), PhD, оқытушы-зерттеуші Шакенева Д.Қ-Қ., б.ғ.к., профессор Оспанова А.К., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Асылбекова Г.Е., аға ғылыми қызметкерлер Клименко М.Ю., Жексенова Д.С. (орындаушылар) 2023 жылғы тамыздан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ЖРН AP19677807 "Баянауыл ұлттық паркінің өсімдіктер қауымдастығының климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен қазіргі жағдайы мен динамикасын бағалау" қаржыландыратын гранттық жобаға жылдарға қатысады. Жоба 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Жоба аясында Б.Қ. Жұмабекова мен Д.Қ.-Қ. Шакенова 2024 жылғы 14-24 мамыр аралығында Валенсия университетінде (Валенсия қ., Испания) биология ғылымдары факультетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Тағылымдамадан өту кезінде профессор Сантьяго Маскоммен бірге 2024 жылдың 19-23 қыркүйегінде өткен Халықаралық конгреске мақала дайындалды (Кучинг, Малайзия).
2024 жылдың тамыз айында PhD, жоғары жаратылыстану мектебінің оқытушы-зерттеушісі Шакенева Динара Қабдын-Қайырқызы "Қаныш Ізбасарлары" облыстық ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпазы атанды.
2024 жылғы 28 сәуірде биология, химия, география бойынша білім беру бағдарламаларының құрама командасы Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған педагогикалық мамандықтар студенттері арасында жаратылыстану пәнінен III халықаралық олимпиадада 3-ші орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Жараспаев Алишер - Химия, Аманжол Гүлзада - Биология, Майданова Жадыра - География білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері. Команда жетекшісі - жаратылыстану жоғары мектебінің сарапшы-оқытушы Баймұрзина Баян Жұмабайқызы. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің 13 командалары қатысты.
2024 жылдың мамыр айында 3-курс студенті Жүнісов Ислам Владимирович және жетекші, оқытушы-сарапшы Гаврилова Татьяна Владимировна ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетіп, 2 миллион теңгеге грант алды. Жобасының тақырыбы - "Ара био дыбысы: жасанды интеллектті талдау және оқыту үшін ара колонияларының дыбыстық деректер базасын жинау және құру".
Марғұлан университетінде "Биология педагогтарын даярлау"бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Диссертациялық кеңестің төрағасы профессор Б.Қ. Жұмабекова, ғылыми хатшы - қауымдастырылған профессор С.Ж. Кабиева болып табылады. 2024 жылдың желтоқсанында Марғұлан университетінің түлектерінің М.Ю. Клименко мен Г.Қ. Кабдолованың докторлық диссертацияларын қорғау өтті.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА» ББ
ФИЗИКА ПӘНІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 1 ОРЫН (10-11 қазан 2024 ж.)
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында физика пәнінен XVI Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенті Басов Ярослав жеке жарыста 1 орынға, командалық есепте 2 орынға ие болды. Топ жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор А.А. Кисабекова.
«Математика және физика» ББ бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Кисабекова А.А. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023" байқауының жеңімпазы.
2024 жылдың 1 наурызынан бастап халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасының стипендиаты «Математика және физика» БББ жетекшісі Анафина А.Е., Бремендегі (Германия) Констрактер университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «В009-Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша математикадан ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің " студенттері Алпамыс Маджида (2курс), Амангельд Аясауле (3курс), Оңғаров Ерасыл (4курс) 3 орынға ие болды.
«Математика және физика» БББ студенті Байботаева Нурай 2024-2025 оқу жылы бірінші семестрінде халықаралық академиялық ұтқырлығы саласында Чонан қаласының (Оңтүстік Корея) Намсеул университетінде оқуда болып келді.
«Математика және физика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті (2024 ж) Алпамыс Маджида студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлығы саласында, Стамбул қаласының (Түрқия) Айдын университетінде бір семестрлік оқуда болып келді.
«Математика және физика» білім беру бағдарламасының студенті Алпамыс Маджида, Erasmus + бағдарламасы бойынша Польшаның Жешув қаласында оқуда болып келді.
«Математика және физика» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге, магистранттарға және докторанттарға әріптестерінің шақыруымен Германиядағы Вильдау қолданбалы ғылымдар техникалық университетінің доценті, профессор Петер Эндерс дәрістер циклін өткізді.
«География» и «Химия» ББ
Химия-Биология білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Калиева Рината
“ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” атты халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Астана қаласында өтілген халықаралық форумда қазылар алқасының шешімдері бойынша
Калиева Ринатаның жұмысы талапка сай деп табылып, ТМД елдерінің арасындағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесі мен ғылыми зерттеулерге және қоғамдық істерге белсенді атсалысып, атқарған жұмысы үшін ХБ-41 тобының студенті Калиева Рината I дәрежелі Диплом, арнайы төсбелгі, төсбелгіні куәландыратын куәлік, сонымен қатар “ТМД үздік студенті” атты статуэткасымен мараппаталды.
Бұл халықаралық форумға көптеген ТМД елдерден Ресей, Қырғыстан, Қазақстан, Өзбекістан, Беларусь және т.б елдердің 200- ге жуық жас студенттері қатысып, үздік көшбасшы студенттер марапатталды.
География және тарих мамандықтары арасында білім алатын 3-курс студенттері Болатова Дильназ және Смаилова Рената М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де өткен халықаралық олимпиадада командалық есепте жүлделі 3-орынға ие болды!
Бұл жетістік – олардың білімге деген құштарлығы мен еңбегінің нәтижесі. Осындай табыстарыңызбен мақтанамыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!
ХБ- 11 тобының студенттері халықаралық сыбайлас “жемқорлыққа қарсы күрес” күніне орай “Ақиқат алаңы” атты қалалық пікірсайыс турнирінде Сьез Шұғыла жүлделі 1-ші орынға және Серікұлы Ерасыл “үздік фракция” номинациясына ие болды.
Халықаралық “Best Young Researcher Award” байқауында жүлделі орын!
ХБ-41 тобының студенті Жамалханова Барно осы беделді байқауда бірінші орынды иеленді. Оның жобасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, оның білім деңгейі мен кәсібилігін дәлелдеді. Жамалханова Барноның ғылыми жетекшісі ретінде Хамзина Шолпан Шапиевна да марапатталды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында “География” ББ студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті, бұл одимпиадаға еліміздің барлық аймақтарынан келген 22 команда қатысты. Ә.Марғұлан атындағы ППУ намысын қорғаған “География-Тарих” білім беру бағдарламасының студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі 2-орынды иеленді!
Команданың жетістігіне үлкен үлес қосқан Абдираимов Ерназ бен Жусипов Жанболатты ерекше құттықтаймыз!
Сондай-ақ, команда жетекшісі Елемесов Әлібек Қаблахатұлына кәсіби қолдауы мен тәлімгерлігі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздің жетекшілігіңізсіз бұл нәтиже мүмкін болмас еді!
Мұндай олимпиадалар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға, білім деңгейлерін арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл жас мамандардың қабілетін ашуға және студенттерді әрі қарай дамуға ынталандыруға тамаша мүмкіндік.