МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ІЗГІ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫ
01.10.2026
Марғұлан университетінде Қарттар күніне орай ардагерлерге арналған дәстүрлі кездесу өтті. Биылғы мерекелік шараға университеттің 70-тен астам ардагері қатысты.
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл басқосу университет өміріне еселі еңбек сіңірген аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге, олардың өнегелі жолын дәріптеп, кейінгі ұрпақпен жылы жүздесуге мүмкіндік береді.
Мерекелік дастархан жайылып, ардагерлерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Ән мен күйге ұласқан кеште қонақтар жақсы көңіл күймен бас қосып, естелік әңгімелерін ортаға салды.
Ардагерлердің әрқайсысының университет тарихында өзіндік орны бар. Олардың жылдар бойғы еңбегі, кәсіби тәжірибесі мен адамдық өнегесі бүгінгі ұрпақ үшін құнды мұра.
Кездесу барысында университет ұжымы ардагерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Аға буынға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және ізгі дәстүрді жалғастыру Марғұлан университетінің маңызды құндылықтарының бірі болып қала береді.


