Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

16.10.2026

Кітапханалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өңірлік байланысты дамыту және алдағы жұмыс бағыттарын айқындау. Осы мәселелер 21 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында өткен Қазақстан Республикасының білім және ғылым кітапханалары қауымдастығының жалпы жиналысында талқыланды.

Жиынға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана директоры Гаухар Құшпесова қатысты.

Қатысушылар Қауымдастықтың алдағы қызметін талқылап, төраға мен хатшыны сайлау, Жарғының жаңа редакциясын бекіту, өңірлік өкілдіктерді дамыту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар басқарушы және бақылаушы органдарды сайлау, мүшелік жарналарды бекіту тәртібі талқыланды.

Жиын қорытындысы кітапхана саласындағы кәсіби байланысты нығайтуға және Қауымдастықтың жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталды.