Перейти к содержимому страницы.

МӘДЕНИЕТ ЕЛУБАЙ – МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

09.10.2026

Марғұлан университетінің Ғылыми кеңес отырысында Басқарма Төрағасы – ректор Алтынбек Нұхұлы ғылыми жұмыс жөніндегі жаңа проректор Мәдениет Елубайды ұжымға таныстырды.

Ректор жаңа проректорға сәттілік тілеп, алда жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ зор сенімін білдіріп, ғылыми бағыттағы жұмыстарды дамытуда табыс тіледі.

Елубай Мәдениет – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Бұған дейін Торайғыров университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқарған.

Қабылдау комиссиясы және маркетинг бөлімінің жауапты хатшысы Лаура Нұржанқызы мен Академиялық офис басшысы Алия Амангелдіқызы баяндама жасады.

Ғылыми кеңес отырысына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жоғары мектеп декандары мен білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысып, бірқатар қатысушы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.