МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 90 ЖЫЛ
09.02.2021
ППУ-дың Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы «Кітапқұмар университет» атты жобасын бастады. Жобаның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген құштарлығын және көркем әдебиеттерге жастардың қызығушылығын арттыру. Осы аталмыш жоба аясында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ең бірінші бақытым – халқым менің» атты поэтикалық челлендж ұйымдастырып өткізді. Қазақтың біртуар тұлғасы өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгі ұрпаққа мәртебесі биік, мұзабалақ, ақиық ақын атанды. Ол 1931 жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Университет қабырғасында ұйымдастырылып өткізілген аталмыш челленджге ҚТӘ - 11 тобының студенттері: Мәдібек Мұқтар, Жанболат Назерке, Жұмағазы Жанель, Адамова Еркемай, Қасымова Жанель, Тажибаева Шакарбану қатысып, ақын поэзиясынан үзінділер оқыды. Ақындық қабілеті бар жастар Мәдібек Мұқтар, Аплаш Аружан, Тәуекелов Нұрсерік «Поэзия деген құдіретті» атты арнау арнады.
Сондай-ақ «Бір ел – бір кітап», «Отыз жылдыққа – отыз кітап» республикалық акциялары аясында Ризаев Ерасыл, Әбілғазы Мерей М.Мақатаевтың «Өмірдастан» поэмасынан үзінділер оқыды. Марат Әбілхан, Рахад Умина, Адамова Еркемай Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жырлайды жүрек» әнін орындады.
Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Қазақ поэзиясының Хан тәңірі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушыларға челленджге қатысқандары үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы