Көрнекті тарихшы ғалымдардың ашық дәрістері
2021 жылғы қараша айында университетіміздеҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі КАБУЛЬДИНОВ Зиябек Ермуханұлы мен ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор ӘБІЛ Еркін Аманжолұлының ашық дәрістері өтті. Тыңдаушылар – гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының білім алушылары.
Дәріс барысында қатысушылар өз білімдерін шыңдап, қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, қоғамдық сананы жаңғырту аясында тарих ғылымының қазіргі жағдайы мен даму болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, зерделеуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бірыңғай тарихи жады, тарихи сананы қалыптастыру, патриотизм мәселелері қарастырылды. Еліміздің екі жетекші ғылыми орталықтарының басшылары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында, соның ішінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысы аясында іске асырылып жатқан қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырды.