Корпоративтік хатшы – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары заңтану және/немесе экономикалық білімнің болуы.
Жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында, немесе басшылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы мәліметтер (болған жағдайда).
Сіз: Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы университеттің ережелерін, университеттің Жарғысын және басқа ішкі құжаттарын ұстануға бағытталған рәсімдерді «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ лауазымды тұлғалары және органдарының сақтауын қамтамасыз етесіз;
Университеттің директорлар кеңесінің отырысын даярлау және өткізуді қамтамасыз етесіз, Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етесіз, оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бақылау жүргізесіз.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам бөлімшелерінің және лауазымды тұлғаларының қолданыстағы заңнама нормаларының, қоғам жарғысының, сондай-ақ акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін басқа да құжаттардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етесіз;
Директорлар кеңесінің және қоғамды басқарудың басқа да органдарының корпоративтік басқару практикасын дамыту жөніндегі шешімдерін дайындау бойынша жұмысты басқарасыз, олардың орындалуын бақылайсыз;
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен акционерлеріне, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне корпоративтік құқық және басқару мәселелері бойынша кеңес бересіз;
Жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізілетін мәселелер бойынша, оның ішінде қоғамның сайланбалы органдарына сайлау үшін кандидатуралар бойынша акционерлердің жалпы жиналыстарын өткізудің дайындығына және ұйымдастыруға, акционерлердің ұсыныстарын қарауды басқарасыз;
Акционерлік қоғамның жыл сайынғы есебін, жалпы жиналыстарды (жылдық және кезектен тыс) өткізуге акционерлерге берілетін басқа да құжаттарды дайындауды, алдағы жалпы жиналыс туралы хабарламаларды, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды және акционерлерге жіберуді ұйымдастыруды, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар тұлғаларға ұсынуға міндетті құжаттарға қол жеткізуін, дауыс беру үшін қоғамға келіп түскен толтырылған бюллетеньдерді есепке алуды қамтамасыз етесіз;
Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысасыз;
Директорлар кеңесі отырысының хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырасыз;
Акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайсыз.
Қосымша ақпарат
Кәсіби құзіреттіліктер:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылар;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
өзін өзі дамыту;
тәртіптілік;
жауапкершілік;
командада жұмыс жасай білу.
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;
парасаттылық;
көшбасшылық;
бастамашылдық;
күйзеліс тұрақтылығы.
Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- ППУ-да жұмыс істемейтін, тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
2022 ж. 01 тамызынан бастап 2022 жылдың 15 тамызына дейін сағат 9.00 бастап 18.00-ге дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)