Сұлтанбет сұлтан үй-жайы
Халықтың тарихи жадында Сұлтанбет сұлтан мемлекеттік дәстүрлерді сақтау және нығайту, аумақтың тұтастығы мен ұлт бірлігін сақтау мәселесінде маңызды рөл атқарған көрнекті тұлға болып табылады.
2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оның резиденциясы мұрағаттық және деректану жұмысы барысында алынған сипаттамалар мен сызбалар бойынша қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Павлодар қаласының тарихи бөлігінде орналасқан Сұлтанбет сұлтанның қайта салынған үй-жайы Республикалық маңызы бар қасиетті нысан болып табылады және Павлодар Ертіс өңірінің тарихымен қызығатын қала тұрғындары мен қонақтарына үшін ашық.