Тану және табыс
1998 жыл. ПМПИ түлегі Людмила Прокашева 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
2002 жыл. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында қазақ жерінің екі ұлы ағартушысы, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұса Шорманов пен Әбікей Сәтбаевқа ескерткіштер орнатылды.
2004 жыл. Педагогикалық институт С.Торайғыров атындағы ПМУ құрамынан шықты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
2004 жыл. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 8 факультет және 29 кафедра болды. Сонымен қатар, магистратура мен колледж ашылды.
2004 жыл. ПМПИ «Өзін-өзі тану» курсын апробациялау және жүзеге асыру үшін республикалық сараптама алаңы болып табылды.
2004 жыл. ПМПИ-дің редакциялық-баспа бөлімі «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» және «Қазақстанның биология ғылымдары» атты екі республикалық журнал шығара бастады.
2005 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында.
2008 жыл. Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.
2010 ПМПИ Еуропалық сапа белгісімен марапатталды. Университеттердің Ұлы Хартиясына қатысу туралы келісімге қол қойды.
2011 жыл. ПМПИ түлектерінің қауымдастығы құрылды.
2011 жыл. ПМПИ Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингінде екінші орынға ие болды.
2012 жыл. ПМПИ 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой қарсаңында ППИ-дің алғашқы ректорлары А.С. Катериннің мен Т.К.Шаяхметовке мемориалдық тақта орнатылды.
2012 жыл. Павлодарда институт ұжымы мен демеушілер қаражатына тұңғыш ұстазға ескерткіш орнатылды.
2012 жыл. ПМПИ-дің ғылыми кітапханасына белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың есімі берілді.
2013-2014 жылдары.ПМПИ білім беру бағдарламалары ACQUIN халықаралық аккредиттеу агенттігінде, АРТА ұлттық аккредиттеу агенттігінде, БСҚА Ұлттық агенттігінде мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
2014 жылдан бастап ПГПИ «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асырып, пилоттық жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институтта Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Маңғыстау облыстарынан келген студенттер білім ала бастады.
2015 жыл.Жаңа Студенттер үйі пайдалануға берілді.
2015 жыл. IQAAKO жүргізген Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты бірінші орынды иеленіп, республиканың үздік ондығына енді.
2016 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жаңа Студенттер үйінде болды.
2016 жыл. Академик Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық орталықтың ашылуы болды. Астана көшесі, 151-үй мекен-жайындағы ғимаратты облыс әкімдігі университетке берді.
2016 жыл. 19 қыркүйекте ұстаздар қауымы, педагогикалық еңбек ардагерлері, қызметкерлер, студенттер және көптеген қонақтар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының туған күнін алғаш рет атап өтті.
2016 жыд. Жаңа студенттер үйінде «Жастар алаңы» студенттік коворкинг орталығының ашылуы болды. Коворкинг орталығының негізгі мақсаты – студенттердің әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыру, студенттік өмір сапасын жақсарту саласында әлеуметтік жобаларды дамыту.
2016 жыл. 19 қыркүйекте институттың туған күнінде студенттер жатақханасының ауласында «Мен ПМПИ-ді сүйемін» атты стелланың ашылу салтанаты өтті. Стелла түрлі-түсті безендірілген, әдемі көрінеді. Жасыл тұғырда ағылшынша «I love PSPI» деген жазу және үлкен жүрек бар.
2016 жыл. ПМПИ ұлттық рейтингте педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 3 орынды иеленіп, республикадағы ең үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ондығына енді.
2016 жыл. Үш тілде білім беру жүйесі 12 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Ағылшын тілінде оқыту сабақтарын 43 мұғалім жүргізді.
2016 жыл. Қабылдау науқаны соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда университетке қабылданған студенттер саны 150 пайызды құрады.
2016-2019 жылдарға арналған ПМПИ дамыту бағдарламасы қабылданды.
2017 жыл. Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.
2017 жыл. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 55 жыл толады.