Мамандық «Дене шынықтыру және спорт»
Мамандық: 01140500 «Дене шынықтыру және спорт»
Кадрларды даярлаудың мақсаты 01140500 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша заманауи педагогикалық, лингвистикалық (кәсіби коммуникация тұрғысынан) және әдістемелік тәсілдер негізінде негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға қабілетті, кәсіби құзыретті педагогикалық кадрларды қалыптастыру болып табылады.
Даярлау білім алушылардың дене тәрбиесі теориясы, спорттық психология, педагогика және физиология саласындағы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар жүйесін меңгеруіне, сондай-ақ оқу процесін тиімді іске асыруды, инновациялық білім беру технологияларын қолдануды, білім алушылардың салауатты өмір салтын, коммуникативтік және спорттық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған.
Түлектер оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, білім беру нәтижелерін бағалауға, цифрлық және интерактивті оқыту ресурстарын пайдалануға, педагогикалық әтика нормаларын сақтауға, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үздіксіз кәсіби және тұлғалық дамуға дайын.
Біліктілігі: 4S01140501 «Дене шынықтыру мұғалімі»
Даярлаудың мақсаты дене шынықтыру мен спортты оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын меңгерген, білім алушылардың дене бітімін, денсаулығын және салауатты өмір салты құндылықтарын дамытуды қамтамасыз ете алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.
Түлектер дене шынықтырудың нормаларын оқытуға, қозғалыс дағдылары мен физикалық қасиеттерді дамытуға, спортқа деген қызығушылықты қалыптастыруға, рухани құндылықтар мен салауатты ұлт мәдениетін тәрбиелеуге, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын.